Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қор нарығында доллар біршама арзандады

Қор нарығында доллар біршама арзандады

Kyzylorda-news.kz Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,23 теңгеге түсіп, 462,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 464,77 теңге, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
  • доллар 459,00 теңгеден сатып алынады, 466,03 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу - 532,00 теңге, сату - 542,00 теңге;
  • рубль: сатып алу - 5,17 теңге, сату - 5,37 теңге.
  • юань: сатып алу - 68,46 теңге, сату - 72,38 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,16 теңгеден сатып алынады, 463,27 теңгеден сатылады. Еуро 533,33 – 538,47 теңге, ал рубль 5,16 – 5,31 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,74 теңгеден сатып алынады, 71,11 теңгеден сатылады.
Сурет: freepik.com
31 тамыз 2026 ж. 129 0