Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жолаушылар тасымалы» АҚ қайта өткізілген билеттерден заңсыз пайда көріп келген

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қайта өткізілген билеттерден заңсыз пайда көріп келген

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың жол жүру билеттерін қайтару кезінде жіберген заңбұзушылықтары дәлелденіп, оларға 865 млн теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды kyzylorda-news.kz/
Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитеті Facebook-тегі парақшасында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-қа қатысты тергеп-тексеру нәтижелерін" жариялады.
«Монополияға қарсы органмен «Жолаушылар тасымалы» АҚ іс-әрекеттерінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңгені ұстап қалу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2019 жылғы 15 қазандағы қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың заң бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 865 млн теңге көлемінде айыппұл салды» делінген желідегі хабарламада.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
01 қараша 2019 ж. 1 080 0