Қаржы министрлігі азаматтардың ақша аударымдарын тексермек

Бірақ, ол теңгерімді толтыру немесе жақындарға көмектесу мақсатында жүргізілген аударымдардың бұған қатысы жоқ екенін жеткізді.
Вице-министр барлық аударымдардың жеке-жеке қарастырылатынын, және барлық төлемдерге салық салынбайтынын атап өтті.
Сондай-ақ қайырымдылық көмек ретінде жасалған ақша аударымдары жеке тәртіпте қаралады – мәселен, егер науқас адамға ем үшін көптеген адамдардан ақша аударылса."Бұл барлық транзакцияларға қатысты емес. Егер аударымдардан табыс түссе, салық есебіне мониторинг жүргіземіз. Мысалы, әртүрлі жеке тұлғалардан ақша аударылса, яғни барлығынан 1000 теңгеден түсіп тұрса, бұл оның табыс тауып жатқанын білдіруі мүмкін.Осындай ақша аударымдар легін қадағалайтын және аталған тұлғаны тексеріске ұсынатын тәуекелдерді реттеу жүйесі құрылады", – деді Шолпанқұлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаржы министрлігі Kaspi банкімен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасауды заңдастыру жолын қарастырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.