Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айна да ауру ете алады

Айна да ауру ете алады

Ертеректе әжелеріміз айнаға жиі қарайтын қыз-келіншектерді «Тәйт!» деп тия отырып, айнаға жиі қарау адамды тез қартайтып, тіпті өмірін қысқартатынын ескертіп отырушы еді. Осы сөздің «жаны бар» сияқты. 
 
Айнаның алдында жиі отыру адамның қуаттық деңгейін төмендетеді, ағзаны түрлі аурулар алдында қауқарсыздануына себепкер болады. Яғни психика мен жүйке жүйесіне салмақ салу арқылы айна адамның жастығын қысқартып, оның өмірлік күшін шектейді екен. Мұны АҚШ ғалымдары айтып отыр.
 
Дәрігерлер бірнеше еріктіге тәжірибе жасап көріпті. Сонда айнадағы өз бейнесіне жиі қарайтындар өзгелерге қарағанда тез шаршап, мазасызданатынына көз жеткізілген. Осыған орай олар айнаны қуат сорғыш деп бағалап отыр.
 
Яғни айнаның алдында көп отырған адамның ағза қуаты азаяды және ол түрлі аурулар алдында қауқарсыз болады екен.
 
Дегенмен айнадағы өз бейнеңізге күліп қарасаңыз, онда ағза жағымды қуат алып, күшейте де алады екен. Мұны да әлгі америкалық зерттеушілер айтып отыр. Біле жүргеннің зияны жоқ, яғни айнаға жақсы көңіл-күйде қараған дұрыс. Бірақ оның алдында сағаттап отырудың қажеті жоқ. Осындай қорытынды дұрыс-ау.
 
Г. ӘБЕН
22 наурыз 2018 ж. 2 971 1

RandVub от 16 маусым 2019 00:44
Amoxicillin Sun Effects Securedrugshop http://allngos.com Cialis 10 Rembourse