Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елін сүйген ұлы тұлға

Елін сүйген ұлы тұлға

Президент күніне орай 28 қараша күні қалалық №3 кітапхана мен Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейдің бірлесе ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға»атты саяси сағат өткізілді.
Шараныңмақсаты – жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу, Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту, Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.
Шараға мектеп кітапханашылары Ләззат Берікболова, Рима Кумарова және 9 сынып оқушылары қатысты. Шара еліміздің Әнұранымен ашылды. Оқырмандар қазақ елі үшін аянбай қызмет етіп, тәуелсіздігіміздің баянды болу жолында, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге өзінің білімі мен жігерін аямаған Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы тақырыпта өлеңдер оқылып, «Менің Президентім», «Әлемдік тұлға» атты монолог оқыды. Мектеп-лицейдің кітапхана меңгерушісі Л.Берікболова:
– Біздің Президентіміз – қазіргі саясаткерлердің ішіндегі өз елінде ғана емес, бүкіл әлем танып, үлкен беделге ие болған әйгілі тұлға. Ата-бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету – бәріміздің парызымыз. Елбасы еңбектерінің қай тақырыбын оқысаң да, онда ел экономикасы,  тарихы, ұлт рухы, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Тұңғыш Президент туралы кітапты көп оқыған сайын қазақ елінің тарихына көбірек қанығамыз, – деді.   
Кеш соңында кітапханашы Бейбіткүл Әбілдаева «Елін сүйген Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
А. Ержетқызы,
қалалық №3 кітапхана меңгерушісі     
29 қараша 2019 ж. 1 140 0