Қызылордалық полицейлер жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті

«Онда 3 жолаушы бар екен. Көлік техникалық ақау салдарынан жолда тоқтап қалған. Ауа райының суық болуына байланысты жолаушылар тоңып қалған. Полиция қызметкерлері оларға дереу көмек көрсетті. Бұзылған автокөлікті Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешеніне дейін сүйреп алып барды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні Қызылорда облысында ауа райы қолайсыз. Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күшейтілген кезекшілік қызметін атқарып жүр.