Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

6 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Бүгін көпшіліктің көңілін өзіңізге аудара аласыз. Сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілетіңіз артып, таныстарыңыздың арқасында біраз шаруаны тындырасыз.

Торпақ
Өз ісінің шебері немесе өз кәсібін сүйіп істейтін жандар бүгін мол қаржыға кенеледі. Әсіресе жарнама жасау, ойын-сауық ұйымдастыру немесе білім саласындағы жандардың жолы болмақ.

Егіздер
Өзіңіздің тапқырлығыңыздың және тың тәжірибелеріңіздің арқасында барлық шаруаларыңызды соңына дейін жеткізесіз. Қаржы мәселесі де оң шешімін табатын болады.

Шаян
Егер күш-қуатыңыз тасып, энергияға толы болсаңыз күніңіз сәтті өтетін болады. Саяхаттап немесе жұмыс барысымен сапарға шығуыңыз мүмкін. Сонымен қатар бүгін жоғарғы білім алу туралы көп ойланасыз.

Арыстан
Бүгін тек қызметте өсу туралы ойланасыз. Жұмыста өзгерістер орын алып, қызметтік саты да өскеніңізбен, әзірге бұл ісіңіз өз жемісін бермейді. Сондықтан барлығына өз еңбегіңізбен қол жеткізгеніңіз жөн.

Бикеш
Бүгін алыс жолға шығатын, шетелдермен байланыс орнатқан, жарнама жасаумен, ғылыми жұмыспен айналысатын, білім беру саласының және саясатқа жақын жандардың жолы болады. Бүгін білім көкжиегін кеңейтетін күн.

Таразы
Бұл уақытта сіздің материалдық жағдайыңыз айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызға байланысты болмақ. Олармен тығыз қарым-қатынас орната біліңіз. Көп табыс табуды жоспарласаңыз, ең алдымен біліміңізді жетілдіріңіз.

Сарышаян
Сіздің іскерлігіңіз бен өз ісіңізге деген ынтаңыз жұмыста табысты болудың басты кепілі болмақ. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз онда бүгін сіз үшін сәтті күн. Себебі сіздің жұмысыңыз жемісті болады.

Мерген
Бүгін іскерлік кездесулер ойдағыдай өтеді. Серіктестермен бірге жұмыс көлемін ұлғайтып, істеріңіз берекелі болмақ. Бүгінгі күннің басты мәселесі ұстамдылық таныта алмайтыныңызда болып тұр.

Тауешкі
Бүгін бар назарыңызды жеке өміріңізге аударыңыз. Бүгінгі күн ғашық болуға, сезіміңізді білдіруге қолайлы күн. Ескі қарым-қатынасты қайта жандандыруға да қолайлы уақыт болмақ.

Суқұйғыш
Бүгін керемет күн. Ешқандай мәселе туындамайды. Күш-қуатыңыз да тасып, барлық шаруаны тез атқара аласыз. Дегенмен энергияңыз тасып тұрған сәтте көптен бері кейінге қалдырылып келе жатқан жұмысты да бітіріп тастаңыз.

Балықтар
Сәттілік серігіңізге айналады. Қызметте өсуді көздейсіз. Сіздің талантыңыз, іскерлігіңіз көлеңкеде қалып қоймайды. Кез келген істе жетістікке жете аласыз. Сондықтан қызметте өсуге әбден лайықсыз.

06 қаңтар 2020 ж. 563 0