Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиімді

Жеке тұлға МЗЖ аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері бойынша барлық қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесіне тікелей келген кезіндехабардар етіледі. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетіне тіркеліп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін Қор сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені алып, одан зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және басқа да ақпараттарды көруге болады.
Жеке кабинетке қол жеткізу үшін БЖЗҚ кеңсесіне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің трансфер-агентіне жүгініп, шоттан ақпарат алу тәсілін өзгертуге өтініш беру қажет.
Ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған соң, Қор қызметкері enpf.kz сайты және мобильді қосымша арқылы жеке кабинетке тіркелуге көмектеседі. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетінде ақпарат алу тәсілін дербес түрде өзгерте аласыз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz