Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Логикалық сұрақтар, жауабымен: Шешімін оңайлықпен таба аласыз ба

Логикалық сұрақтар, жауабымен: Шешімін оңайлықпен таба аласыз ба

Логикалық тапсырмалар – балалар мен ересектердің логикасы мен ойлау қабілеттерін дамытудың ең тиімді құралы. Осы орайда KAZ.NUR.KZ редакциясы сіздерге ғаламтордағы ең үздік логикалық сұрақтар мен тапсырмалардың топтамасын ұсынады. Жауаптары мен шешімдері материалдың соңында. Алайда, қиын сұраққа тап болғанда, бірден жауабын қарауға асықпай, дұрыстап ойланып көріңіз.
1. Жерден нені көтеру оңай, ал алысқа лақтыру қиын?
2. Әжеге 6 бәліш пісіру қажет. Ал табаға тек 4 бәліш сияды, әр бәліштің бір беті 5 минуттан пісуі тиіс. 6 бәлішті 15 минутта пісіру үшін әжеге не істеу керек?
3. Джордж Вашингтон, Шерлок Холмс, Вильям Шекспир, Людвиг Ван Бетховен, Наполеон Бонапарт және Нерон. Бұл тізімде кім артық?
4. Жағаға жақын жердегі кеменің арқаннан жасалған баспалдағы суға түсіп тұр. Баспалдақтың 10 сатысы бар, әр сатының арасындағы қашықтық 30 сантиметрді құрайды. Ең төменгі сатысы судың бетіне тиіп тұр. Су сағатына 15 сантиметрге көтеріледі. Сонда неше сағаттың ішінде баспалдақтың үшінші сатысын су басады?
5. Екі турист А пунктінен B пунктіне қарай жолға шығады. Бірінші турист жолға жұмсаған уақытының жартысын сағатына 5 шақырым, ал қалғанын сағатына 4 шақырым жылдамдықпен жүріп өтті. Екінші турист жолдың жартысын сағатына 4 шақырым, ал қалғанын сағатына 5 шақырым жылдамдықпен жүріп өтті. Екеуінің қайсысы B пунктіне бірінші жетті?
6. Нені сол қолмен ұстап, ал оң қолмен ұстауға болмайды?
7. Сіз автокөлікпен келе жатып, аялдамада тұрған үш адамды көрдіңіз: 1) шұғыл түрде ауруханаға жеткізілуі тиіс қарт әже, 2) кезінде сіздің өміріңізді құтқарып қалған ескі досыңыз (ол өте маңызды кездесуге кешігіп жатыр), 3) армандаған ғашығыңыз. Сіздің автокөлігіңіз – екі орындық, сәйкесінше, бір адамнан артық отырғыза алмайсыз. Сонда кімді таңдайсыз, не істейсіз?
8. Мистер Джонс өз кабинетіндегі жазу үстелінің басында өлі күйнде табылды. Өлімнің себебі – басына оқ тиген. Оқиға орнына келген детектив үстел үстінде тұрған магнитофонға назар аударды. Магнитафонды қосқан кезде мистер Джонстың даусын естіді. Ол былай деген:
"Сөйлеп тұрған Джонс. Жаңа ғана маған Смит хабарласты. Мені өлтіру үшін осында келе жатқанын айтты. Қашып үлгермеймін. Егер ол ойындағысын іске асыруға бел байласа, 10 минуттан кейін менің тірі болуым екіталай. Бұл жазба полицияға кінәліні табуға көмектеседі деп сенемін. Біреудің баспалдақпен көтеріліп жатқанын естимін..." Осы сәтте жазба үзіледі. Детектив магнитафонды өшірді. Оның көмекшісі дереу Смитті тұтқындау керектігін алға тартады. Алайда, детектив онымен келіспей, қылмысты мистер Джонстың даусын айнытпай салатын басқа біреудің жасағанын сенімділікпен айтады. Жазбаның әдейі тергеуді адастыру мақсатында жазылғанын жеткізеді. Оның бұлай ойлауына не себеп болды?
9. Бұл жұмбақ балалардың зейінділігін дамытуға арналған. Ал сіз шешімін таба аласыз ба?
8809 = 6 7111 = 0 2172 = 0 6666 = 4 1111 = 0 3213 = 0 7662 = 2 9312 = 1 0000 = 4 2222 = 0 3333 = 0 5555 = 0 8193 = 3 8096 = 5 7777 = 0 9999 = 4 7756 = 1 6855 = 3 9881 = 5 5531 = 0 2581 = ?
10. Төртбұрышты тоған бар (сызбада көрсетілген). Оның бұрыштарында төрт ағаш өсіп тұр. Тоғанның төртбұрышты пішінін сақтай отырып, көлемін екі есе үлкейту қажет. Сондай-ақ бұрыштарындағы төрт ағашты жылжытпау керек. Бұл тапсырманы орындау мүмкін бе?

11. Шеңбер тәрізді өзеннің диаметрі 200 метрді құрайды, оның ортасында ағаш өсіп тұрған арал бар. Жағада да ағаш өсіп тұр (сызбада көрсетілген). Аралға жетуге бел байлаған адам жүзе алмайды. Бірақ оның ұзындығы 200 метрден сәл асатын арқаны бар. Сол арқанның көмегімен аралға қалай жетуіне болады?
12. Суреттегі барлық нүктелерді 4 түзу сызықпен жалғаңыз.

13. Кім таңертең төрт аяқпен, күндіз екі аяқпен, ал кешке үш аяқпен жүреді?
14. Шығыста бір шал қайтыс болар алдында үш баласына 19 түйесін мұра етіп қалдырады. Мұрагерлік шарты бойынша, үлкен ұлына түйелерінің жартысы, ортаншысына – төрттен бірі, ал кенжесіне – бестен бірі қалуы тиіс еді. Алайда, оның ұлдары 19 түйені үшке де, төртке де, беске де бөле алмай дауласып қалады. Сөйтіп, бір данышпанға барып, әкелерінен қалған мұраны бөліп беруін сұрайды. Данышпан бұл мәселені қалай шешті?
15. Баланың қанша қарындасы болса, сонша інісі бар. Ал қарындасының әпкелері ағаларынан екі есе аз. Сонда отбасында неше ұл, неше қыз бар?
Жауаптар мен шешімдер:
1) Мақта.
2) Табаға 4 бәлішті салып, 5 минут пісіреміз. Екеуін келесі бетіне аударып, екеуін алып қоямыз. Олардың орнына пісірілмеген 2 бәлішті саламыз. 5 минуттан соң толық піскен екі бәлішті алып, екеуін келесі бетіне аударамыз, сөйтіп, екінші беті піспеген 2 бәлішті қайта саламыз. Осылайша, 15 минутта 6 бәлішті пісіруге болады.
3) Шерлок Холмс. Бұл ойдан шығарылған кейіпкер.
4) Үшінші сатыны ешқашан су баспайды. Себебі, сумен бірге кеме де, баспалдақ та көтеріліп отырады.
5) B пунктіне алғашқы болып бірінші турист жетті. Себебі ол жолдың жартысын емес, жолға жұмсаған уақытының жартысын сағатына 5 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен.
6) Оң қолдың шынтағы.
7) Автокөілкті досына беріп, жанына әжені отырғызып, ал өзі ғашығымен бірге қалады.
8) Магнитафондағы үнтаспа басына қарай айналдырылған, себебі оны қосқан кезде бірден мистер Джонстың мәлімдемесі басталады. Марқұм атылғаннан кейін оны басына қарай айналдыра алмас еді. Ал қылмыскер жазба жайлы білсе, оны алып кетіп, көзін жояр еді. Детективтің күмәнін тудырған жайт осы болды.
9) 2 – шеңберлердің саны.
10) Төртбұрышты 45 градусқа айналдыру қажет. Сонда ағаштарды жылжытпай-ақ тоғанның көлемін екі есе үлкейтуге болады. Төмендегі сызбада көрсетілгендей.

11) Жүзе алмайтын адам арқанның бір жағын жағадағы ағашқа байлайды. Сосын, екінші жағын ұстап отырып, өзенді айналып шығады да қайтадан сол ағашқа байлайды. Енді екі ағаштың арасында қос арқан тартылған. Адам арқаннан ұстап, аралға өте алады.
12) Нүктелерді 4 түзу сызықпен қалай жалғау керектігі төмендегі суретте көрсетілген.

13) Адам. Сәби кезінде ол төрт аяқтап, өскен кезде екі аяқпен, ал қартайғанда таяққа сүйеніп жүреді.
14) 10 түйені – үлкен баласына (бұл 20-ның жартысы), 5 түйені – ортаншы баласына (бұл 20-ның төрттен бірі) және 4 түйені кенже баласына (бұл 20-ның бестен бірі): 10+5+4=19. Ал бір түйені данышпан өзі қосып, нәтижесінде қайтып өзіне алып қалады.
15) Үш қыз, төрт бала.
23 ақпан 2020 ж. 26 587 0