Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

22 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Өз қалпыңыздан танбаңыз. Табиғи сұлулығыңызды да сақтай біліңіз. Сонда ғана айналаңыздағы жандардың назарын өзіңізге аудара аласыз. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.
Торпақ
Керемет күн. Табысты боласыз. Өзіңізге қымбат жандарға жақсылық жасайсыз, көмек көрсетесіз. Жаңа іспен айналысасыз, семинар-тренингке қатысып, біліміңізді арттырасыз.
Егіздер
Сізді мақтан тұтатындар көп. Әсіресе туыстарыңыз сізге ерекше ықылас білдіреді. Жақындарыңыздың жылы сөздерін қабыл алыңыз, олар сізді алдамайды. Сондай-ақ бүгін өзіңіз білмейтін талантыңыз бойыңызды «жарып» шығады.
Шаян
Бүгін алдағы күндерге жоспар құратын күн. Болашағыңыз туралы көп алаңдайсыз. Кез келген қиындықтан жол таба аласыз. Алайда кейде қулыққа басуға тура келеді. Бірақ бұл сізге ұнамауы да мүмкін.
Арыстан
Бүгін ерекше күн. Ойға алған жоспарларыңыз орындалады. Ішкі интуицияңызға сеніп тәуекел етіңіз. Бүгінгі күн қаржы мәселесіне қолайлы күн.
Бикеш
Ісіңіз оңға басады. Күмәніңізді сейілтіп, эксперимент жасаудан қорықпаңыз. Жұрттың көңілінен шықпаған шешімдеріңіз оң нәтижесін береді. Қаржы мәселесінде жолыңыз болады.
Таразы
Бүгінгі күн өте маңызды және қиындыққа толы болмақ. Тек жақындарыңызға сенім артыңыз. Сіздің көмегіңізге жүгінген адамдардың жолы болады. Бүгінгі алған ақпаратыңыз, жинаған тәжірибеңіздің пайдасын көресіз.
Сарышаян
Бүгінгі күннің сәтті шығуы өзіңізге байланысты. Жақындарыңызбен тату болғаныңыз жөн. Жеке өміріңізге қатысты мәселеде ішкі түйсікке сеніңіз. Көптен көрмеген жақындарыңызбен кездесу өтеді.
Мерген
Бүгінгі күн сәттілік әкеліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе, көптен бері жаңа өзгерісті армандап жүргендер үшін жақсылыққа толы күн болады. Көптеген мергендер осы күні қандай іс болмасын бел шеше кірісіп, қандай жұмысты уақытша тоқтата тұру керектігін түсінеді.
Тауешкі
Күннің алғашқы жартысы сәттілікке толы болады: кез келген қиын істің күрмеуі оңай шешіліп, сізге салмақ салмайды. Басқалар шеше алмаған қиын жұмысты өзіңіз еңсересіз. Таңертеңнен бастап көңіл-күйіңіз шат-шадыман, көтеріңкі болмақ. Тек кешке қарай жақындарыңызбен сөзге келіп қалудан аулақ болыңыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн сіз күтпеген кездесулерге толы болады. Сізге мүлдем күтпеген, ойламаған қонақтар келуі мүмкін. Сіз осы бейресми кездесуде көптеген мәселелерді оңай шешесіз: демалуға арналған жоспар құрып, бизнес жобаларыңыздың айы оңынан туады.
Балықтар
Ұйымдастыру мәселелерін тез әрі оңай шешуге таптырмас күн. Қаржылық жағдайыңыз тұрақты болады, сондықтан да өзіңізге шығын шығарып, қалаған заттарыңызды сатып алудан қорықпаңыз. Бұл күн сіз үшін сауда жасауға өте сәтті болады.
22 қаңтар 2020 ж. 623 0