«Антикор орталығында» мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді

Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының прфессоры, заң ғылымының кандидаты, Департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Мадалиевақатысты.
Кездесу барысында,«Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы баяндама оқылып, қатысушылардан туындаған өзекті сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.