Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

 Қызылорда облыстық Статистика департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облыстағы бірқатар департамент қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.   Кездесуге республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының төрағасы жəне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша пікір алмасты.
  Жиналыстан соң облыстық Полиция департаменті басшылығымен кездесіп, жоғарыда аталған тақырыпта жақсы талқылау болды
09 қаңтар 2020 ж. 783 0