Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңеселері құрылған болатын.
Аталған жоба біздің өңіріміздеде қолдау тауып, облыс көлемінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңселері белсенді жұмыс жүргізуде.
Бастаманы жүзеге асыру мақсатында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Арал ауданында өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, оған сәйкес бүгін "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатовтың төрағалығымен Аудандық ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізілді. Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселеге байланысты өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
20 қыркүйек 2019 ж. 1 041 0