Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақмешіт – адалдық алаңы»

«Ақмешіт – адалдық алаңы»

        «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тобы жұмысын бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
         2018 жылдың желтоқсан айынан бастап облыста «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын
         Осыған байланысты ауданда тұрмыстық жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің ағымдағы жылдың 8 тамыздағы өкімімен «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Арал ауданындағы жұмыс тобы құрылды.
         Аталған жобалық кеңсенің жұмыс тобы тұрғындар арасында тұрмыстық жемқорлықты жою мен алдын алу бағытында атқарылатын шараларды өткізу кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар бастау алды.
         Сыбайлас жемқорлықты жою аясында Арал қаласы әкімі аппаратында, Жақсықылыш және Сексеуіл кентінде дөңгелек үстел өткізілді.
         Шара аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланып, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.
         Сонымен қатар, отырыс барысында жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа байланысты жиі кездесетін тұрғын үй құрылысын салу үшін, жер алу тәртібі туралы, жұмысқа орналасу жөніндегі өзекті сұрақтарын оларға толықтай мағыналы жауап алды.
         Сондай-ақ, жұмыс тобының өкілдері Аманөткел, Ақирек, Аралқұм ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тиісті жауаптарын алды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15 тамыз 2019 ж. 1 549 0