Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Арал ауданында аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Арнайы отырысқа комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, қаладағы мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.Отырыстың күн тәртібінде жоспарға сай бір мәселе және өзектілігіне байланысты қосымша 3 мәселе қаралды. 
Отырысты ашқан аудан басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты күрес жалғаса береді деген сөзіне тоқталды. 
Осы орайда, күн тәртібіндегі бірінші мәселе – аудандық ішкі саясат бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың насихатталу шараларының орындалуы туралы тиісті бөлім басшысының міндетін атқарушы С.Ғабиболатов хабарлама жасады. Өз хабарламасы барысында С.Ғабиболатов ауданда атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайында баяндап, алдағы уақытта бұл бағыттағы қызметтерді нығайту, тиісті жұмыстарды жандандыру, жемқорлыққа қарсы шараларға бюджеттен бөлінген қаржыларға сәйкес жоспарланған шаралар бойынша кеңінен тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп отыруда аудандық ішкі саясат бөлімінің рөлі өте зор екендігін атап айтқан аудан басшысы жұмыс барысын жандандыру бағытында бөлімге нақты тапсырмаларды жүктеді.
Мұнан әрі, жиын барысында жыл басында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты үш мәселе талданды. Атап айтқанда, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар, ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзуға қатысты орын алған құқық бұзушылықты талдау жайы. Алғашқы аталған екі мәселеге орай тиісті бөлім мен орталық басшылары баяндама жасап, жүргізілген жұмыстар нәтижесін баяндап өтті. 
Осы орайда, мемлекеттік органдардағы үдерістерге, соның ішінде олардың тұрғындармен және кәсіпкерлермен өзара ықпалдастығына цифрландыру технологияларын енгізу маңызды болып саналады. Осы бағытта аудан әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Бохаев сөз алып, ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзуға қатысты орын алған құқық бұзушылықтарға талдама жасап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді. 
Күн тәртібіндегі өзекті мәселені терең талдаған аудан басшысы осы тұста аталған ұсыныстарды қолдайтынын білдіріп,алдағы уақытта өздері басшылық жасап отырған ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары орын алған жағдайда бірінші басшыдан бастап, жауапты қызметкерлердің қызметтеріне сәйкестігі мәселесі қаралатындығын тағы да қатаң ескертті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарларынан бастап сыбайлас жемқорлық жұмысын жандандыру, қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жемқорлық қатерін азайту үшін цифрлық технологияларды енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.
19 мамыр 2018 ж. 1 877 0