ЗАҢСЫЗ СЫЙАҚЫ АЛУҒА ЖОЛ ЖОҚ
Бүгін ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы бойынша қоғамымызда көрініс беріп жүрген заңсыз сыйақыларға жол бермеу жөнінде кездесу өткізілді- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Осы орайда, Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандары Мұрат Ысқақов пен Анар Сәлімжан арнайы қатысты.
Аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова аталған тақырыптың өзектілігіне тоқтала келе, осы орайда, жиынға мектеп директорлары, оқу, тәрбие ісі және бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары, мектептің ата-аналар комитетінің төрағалары, мұғалімдер, аудандық мәслихат депутаттары және мемлекеттік және жеке балабақша меңгерушілері қамтылғандығын жеткізді.
Еркін форматта өткен кездесу барысында аталған департамент маманы М.Ысқақов сөз алып, заң аясында заңсыз сияқы мен парақорлық түсініктерінің аражігін ашып айтып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу бағытында кешенді түрде жүргізілген жұмыстар жөнінде әзірленген бейнебаянды назарға ұсынып, талдап өтті.
Сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан түрлі статистикалық мәліметтерді негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне алып келетін жағдаяттардың алдын алу мақсатындағы шаралар күн тәртібінен түспейтіндігі жеткізді. Осы бағытта, департамен тарапынан түрлі іс-шаралар қола алынып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Осы ретте, М.Ысқақовтың ортаға салған хабарламасын аталған департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан жалғап, елімізде сыбайластық әрекеттеріне тосқауыл келтірудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктерінің зор екендігін атап өтті.
Келелі басқосу соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер жолданып, кең көлемде талданды.