Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық студенттер 15 наурыздан онлайн оқуға көшеді

Қазақстандық студенттер 15 наурыздан онлайн оқуға көшеді

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. 
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады. 
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.
12 наурыз 2020 ж. 749 0