Елімен бірге Елбасы

Барлығымызға белгілі Ата-заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасның ең қымбат қазынасы- адам және оның өмірі,» -деп жазылған. Сондықтан Елбасы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасының ерен еңбегінің арқасында, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, барлық өңірлерде заманауи ауруханалар мен емханалар бой көтергендігіне халық куә.
Бүгінгі күнде төтеннен келген дерттің алдын алу науқасты емдеу шаралары білікті жоғарғы кәсіби деңгейдегі дәрігерлердің арқасында көмек көрсетіліп жатқанын алға тартты. Елбасы Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің басына түскен ауыр жәйтты халықты сабырлыққа, ауызбіршілікке шақырып, ерік- жігер мен сенімнің арқасында жеңіп шығатынымызды атап өткен. Халыққа қажетті қаржылық-материалдық ресурстар, техника, азық-түлік барлыға да жеткілікті, халыққа алаңдаудың қажеті жоқ-деп үлкен сенімділікпен сабырға шақырып, елді алып қашпа әңгімелерден қашық болып, игілікті іспен айналысу керек екендігін атап өтті.
Елбасы өз мақаласында Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз-ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» -деген қанатты сөзін алға тарта отырып, осы қағиданы бекем ұстануға шақырды.
Бұл қиындықтан шығу үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасайтындығын және еліміздің әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын айтып, сабырлыққа шақырып, елдің еңсесін көтергендей сенім ұялатып, Елбасы өзін елімен бірге екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі-з.ғ.к Мадалиева Ақзада Алайдарқызы.