Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қызылорда облысында тұман түсіп, жел соғады

Ауа райы: Қызылорда облысында тұман түсіп, жел соғады

Қазгидромет 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
15 сәуір 2020 ж. 517 0