Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты

Дәрігер қолдан жасалған антисептиктің зиянын айтты

Kyzylorda-news.kzРесейлік фармаколог дәрігері Игорь Федоров үй жағдайында дұрыс дайындалмаған антисептиктің коронавирусты өлтіре алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ.
«Ең бастысы, мұндай құралдарды үй жағдайында дайындамаңыз, себебі спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай. ДДСҰ бізге құрамы 62 пайыздан асатын спирт қана вирусты жоя алатынын, қалған антисептик инфекцияны өлтіруге қауқарсыз екенін айтады», – дейді Федоров.
Оның сөзінше, антисептик дұрыс дайындалмаса, сақтануға көмектесе алмайтын көрінеді.
«Сіз қолыңызға антисептик сеуіп, қолыңызды тазартқандай боласыз, ал шын мәнінде, қолыңыз еш тазармады, және бұл өміріңіздегі үлкен қателік болуы мүмкін. Сондықтан спирттің негізінде жасалған кез келген антисептик құралын сатып алыңыз, ол вирусты санаулы минут ішінде жоқ қылады», – деп түсіндірді фармаколог.
Сондай-ақ, Федоров құрамында спирт жоқ антисептиктердің неліктен нашар екенін айтты.
«Құрамында спирті жоқ антисептиктер жайлы айтсақ, олардың құрамында хлогексидин болады, ал ол өз кезегінде тек кейбір бактерияларды жояды, ал вирусқа қарсы мүлде әсер етпейді», – дейді дәрігер.
15 сәуір 2020 ж. 589 0