Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Бүгінгі күніңіз ерекше өтеді. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Өмірлік серігіңізбен ашық әңгімелесіңіз. Егер материалдық жағдайыңыз тым нашар болса, оны жақсартудың амалдарын қарастырғаныңыз жөн.
Торпақ
Ойламаған жерден сыйақы аласыз. Аптаны қорытындылап, жақсы жетістікке жетесіз. Материалдық жағдайыңыз, сіздің қалай жұмыс жасайтыныңызға байланысты екенін естен шығармаңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланып үйреніңіз.
Егіздер
Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Бүгін жолға шығуды жоспарламаңыз.
Шаян
Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.
Арыстан
Жеке өмірде де, жұмыста да жолыңыз болып, көп жетістікке жетесіз. Бірақ отбасыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Олардың материалдық жағдайын жақсартуға тырысыңыз.
Бикеш
Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алданып қалудан сақтаныңыз. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қандай қиындыққа да мойымай еңбек етсеңіз, жемісін жейсіз.
Таразы
Бүгін жолыңыз болады. Жұмыста да ісіңіз алға басып, көңілді кештерде жаңа таныстар табасыз. Бұл таныстықтардың кейін өз пайдасы бар. Бүгін қандайда бір қиындық орын алса, сіз бұл сәттерде де шешім таба аласыз.
Сарышаян
Үмітіңіз ақталады. Өзіңіз қалаған салада жұмыс табасыз. Бұл жұмысты бар ынтаңызбен, қызығушылықпен атқарасыз. Сіз өте білікті мамансыз. Дей тұрғанмен, көмек көрсетушілердің кеудесінен итермеңіз.
Мерген
Жұмысыңыз алға баспай, мақсатыңызға жету қиындай түседі. «Көтере алмайтын қылышты беліңе байлама» деген мақал бүгін сізге арналғандай. Сондықтан тым ауыр, қиын тапсырмаларды орындаймын деп әуреленбеңіз.
Тауешкі
Күніңіз жақсы өтеді. Көптен бері ойлап жүрген сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын таныстықтар орын алады. Жаныңыздағы адамдарға өзіңіз туралы жағымды пікір қалыптастырасыз.
Суқұйғыш
Тыныш күн. Ешқандай мәселе орын алмайды. Күнделікті шаруаңызбен айналысып, берілген тапсырмаларды орындап, үйге қажетті заттар сатып адуға қолайлы күн.
Балықтар
Мазасыз күн. Белсенділігіңіз бен көңіл-күйіңізді сақтап тұру қиынға соғады. Кейбір сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдап, ренжіп қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан бүгін ешкіммен жақын араласпағаныңыз жөн.
04 мамыр 2020 ж. 463 0