11 мамырда ауа райы қандай болады

Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең – тұман, күндіз кей жерлерде желдің күші 18 м/с жетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы-15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреуі күтіледі, Қарағанды облысында кей жерлерде түман түседі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні -15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.