Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екпе жасатпаған балалар қандай жағдайда балабақшаларға кіргізіледі

Қазақстанда екпе жасатпаған балалар қандай жағдайда балабақшаларға кіргізіледі

ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары екінші оқылымда халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте көрсетілген міндетті түрде жасалатын вакцинацияны мақұлдады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттар екі ұсынысты қабылдамапты.

"Мәселен, мәжіліс отырысында профилактикалық екпе салдыруға "міндетті" деген сөзді "құқылы" деп өзгерту және егілмеген балаларды балабақшаларға кіргізбеу туралы шешімнен бас тартқан жөн деген бастамалар көтерілген. Алайда бұл ұсыныстар қабылданбады", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.
Нәтижесінде екпе түрлері міндетті және өз еркімен салынатын болып екіге бөлінсе, ал балалардың балабақшаға кіргізуге деген рұқсат беру "ұжымдық иммунитетке" байланысты жүзеге асырылатын болды. Яғни, егер балабақшадағы балалардың 95%-ына вакцина жасалған болса, ата-аналары екпеден бас тартқан бүлдіршіндер мекемеге қабылданады.
Айта кетерлік жайт, балаларына екпе жасатқысы келмейтін ата-аналарды жауапқа тарту мәселесі жаңа кодексте қарастырылмапты.
Заң жобасы сенат талқылануына жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы вакцинацияға қарсы петиция жасап шығарған әйел қарсылығына себеп болған жағдайды айтқан болатын.  

13 мамыр 2020 ж. 637 0