Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Бұл күні іскерлік кездесулер күтіп тұр. Спортпен айналысу дене бітіміңіздің қалыпқа келуіне көмектеседі. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың қолдауына сеніңіз.
Торпақ
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Жұмыстан басқа да бағыттарға бет бұрғаныңыз жөн. Жауапкершілік жүгін өз мойныңызға жүктей бермеңіз.
Егіздер
Қарым-қатынасыңыздың жақсарғанын қаласаңыз сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Оған қызғануға еш себеп жоғын түсіндіріңіз.
Шаян
Бүгін артық күш пен ақша жұмсамаңыз. Сізге ештеңе шығындамайтын жағымды нәрселерден ләззат алған жөн.
Арыстан
Бүгін өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік бар. Қызметте өсуіңіз де мүмкін. Сонымен қатар отбасылық мәселені де оңтайлы шешетін боласыз. Тек өзіңізге сеніңіз.
Бикеш
Іскерлік салада асығыстық танытудың қажеті жоқ. Әр істі жеті рет өлшеңіз. Сыртқы келбетіне немесе жеке өміріне өзгеріс енгізгісі келетіндер үшін жақсы кезең.
Таразы
Өмір жолыңызды өзгертіңіз. Табысқа жетудің жаңа әдістерін ойлап табыңыз. Сіздің күректеп қаржы табуға мүмкіндігіңіз бар.
Сарышаян
Қазір спортпен айналысуды қаламасыңыз да денсаулыққа көңіл бөлуге тура келіп тұр. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жалқаулықты жеңуге тырысыңыз.
Мерген
Сіздің күш қайратыңыз тасып тұр. Мұны өзгелер жоғары бағалайды. Қосымша көп жұмыс жүктеледі. Мұны сабырмен қабылдаңыз.
Тауешкі
Бүгін сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге көп мән бересіз, Әсіресе стиліңізге өзгеріс енгізіңіз. Болашақтағы кез-келген бизнесте сізде өзіңіздің жеке куәлігіңіз болады.
Суқұйғыш
Маңызды шешімдерді кейінге қалдырғаныңыз жөн. Егер бүгін сіз біліміңізді жетілдірер болсаңыз, ісіңіз сәтті болмақ.
Балықтар
Сіз әлі серіктес тауып үлгермесеңіз жақын арада жақын достар табуға асығыңыз. Айналаңыздағыларға ерекше сүйкімді көрінесіз.
14 мамыр 2020 ж. 332 0