Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Жаңа жұмыс бастайсыз. Бұл іс өзге түгіл өзіңізге қызықты болады. Қаржылық жағдайыңыз да жақсарып, жаңа кәсіпті дөңгелетіп әкетесіз. Сонымен қатар бүгін сізді жаңа таныстықтар күтіп тұр.
Тоқты
Барлық ісіңіз алға басады. Ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұрын өзіңіз қиын санаған шаруаларды да оңай атқара аласыз. Жаңа жұмыс ұсынатындар табылады. Ұзақ мерзімге серіктес табасыз.
Егіздер
Жұмыс үшін жағымды күн. Сіздің мақсатыңызға жету сіз күткеннен әлдеқайда жеңіл. Күннің басында қиял мен шығармашылықты қажет ететін нәрселерге көңіл аудару ұсынылады – олар сізге өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге көмектеседі.
Шаян
Қиын күн. Өз қабілетіңізге сеніңіз. Қарапайым мақсаттарға жету үшін де көп күш жұмсайсыз. Қызықты кездесулер болуы мүмкін. Достарыңыздың кеңесіне құлақ түріп, олардың білімін пайдаланыңыз. Ол сіз үшін пайдалы. 
Арыстан
Үлкен табысқа жетуге мүмкіндік беретін жақсы күн. Ірі ауқымды жобалар мен күрделі істерді қабылдауға қорықпаңыз. Өзіңіздің тәжірибеңіздің аздығы мен білімсіздігіңіздің кесірінен аздаған проблемаларға кезігуіңіз мүмкін.
Бикеш
Сабырлық сақтаңыз. Жұмыс барысында шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Бастаған істі соңына дейін жеткізу үшін сақтық шараларын сақтап, оңайлықпен берілмейсіз. Жұмысты сәтті аяқтайсыз.
Таразы
Бүгінгі күн ресми және бейресми кездесуге қолайлы күн. Сапарларды осы күнге жоспарлауға болады. Жоспарланған сапарлар қызықты өтіп, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді.  Қымбат сыйлықтар алуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Алдыңызға жоғары мақсаттар қоюға қорықпаңыз. Оларға қол жеткізу мүмкіндігіңіз бар. Жеке өміріңізді қолға алуға қолайлы күн. Енді адамдар сіздің ең жақсы қасиеттеріңізге назар аударады, бірақ олар кемшіліктерді байқамайды.
Мерген
Бүгінгі күн соншалықты жаман емес. Бірақ сізге айналаңыздағы адамдардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді. Сіз бүгін көңілді болғанды ұнатасыз. Сондықтан, жұлдыздар сізді қуанта алатын адамдармен бірге уақыт өткізуге кеңес береді.
Тауешкі
Өзіңіздің мүмкіндігіңізді дұрыс пайдаланбайсыз. Барлық тапсырманы мұқият орындауға шамаңыз жетеді. Бірақ шыдамдылық танытуға тура келеді. Сізге көмектесетін жандар табылады.
Суқұйғыш
Күніңіз сәтті өтеді. Ұсақ-түйекке бола уайымға салынбаңыз. Тосынсчыйларға дайын болыңыз. Қиын жұмыстың өзінен пайда таба аласыз. Егер жоспарыңыз ойдағыдай болмаса, қапа болмаңыз.
Балықтар
Сабырлы болыңыз. Барлығы тез оңала қоймайды. Жұмыста да, жеке өмірде де бірнеше қадамнан соң ғана сәттілік серігіңізге айналады. Ең бастысы өзіңіздің жан қалауыңызды білесіз. Соған жетуге талпынасыз.
kyzylorda-news.kz
20 мамыр 2020 ж. 505 0