Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматы Қытайда көз жұмды

Қазақстан азаматы Қытайда көз жұмды

Бастапқы деректерге сүйенсек, 27 жастағы қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалған
АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болды.
27 жастағы жас жігіт сәрсенбі 4 сәуір күні көз жұмған. Бастапқы деректерге сүйенсек, ер адамның жүрегі тоқтап қалған екен.
"Алдағы күндері Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Гуанчжоуға барып, тиісті процедураларды ресімдеп, мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысады", — деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жас жігіт Жамбыл облысының тумасы екен, тұрғылықты мекенжайы Алматы қаласында. Қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасымен үнемі байланыста отыр.

sputniknews.kz

06 сәуір 2018 ж. 1 029 0