Коронавирус жұқтырғандардың саны 10 мыңға жуықтады
Өткен тәулікте процентке шаққанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9932 адамға жетті, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шұғыл штабы.
Өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады.
Өңірлер бойынша:
Өткен тәулікте 356 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 3,7% құрады.
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы - 84 (3,5%),
- Батыс Қазақстан облысы - 51 (10,3%),
- Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (2,6%),
- Маңғыстау облысы - 40 (22,6%),
- Қарағанды облысы - 34 (4,5%),
- Шымкент қаласы - 32 (4,4%),
- Шығыс Қазақстан облысы - 23 (31,1%),
- Атырау облысы - 21 (2,2%),
- Алматы облысы - 7 (2,2%),
- Қызылорда облысы - 6 (1,9%),
- Павлодар облысы - 5 (2,6%),
- Жамбыл облысы - 3 (0,8%),
- Ақмола облысы - 2 (1,3%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 9932. Індеттен 4900 адам жазылып шығып, 37 адам қайтыс болды.