Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда су қоймасының жарылуына балықтар кінәлі болуы мүмкін

Өзбекстанда су қоймасының жарылуына балықтар кінәлі болуы мүмкін

Бөгеттің қабырғасының қирауына ірі жыртқыш балық себеп болуы мүмкін. Тергеушілер кеңес алу үшін тіпті мамандарды да тартты. ERNUR.KZ. Бұған дейін апатты жағдайға дауылды жел «кінәлі» болды деген болжамдар айтылды. Қоғам өкілдері билік сол арқылы апаттың нақты себебін, яғни бөгерттің құрылысыныдағы жемқорлық пен ақша жымқыруды жасырғысы келеді деген пікір білдірді, деп жазады 365info.kz. Сардоба су қоймасындағы техногендік апат себептерінің бірі «жайын балықтар» болуы мүмкін деген нұсқа айтылды. Себебі, тергеушілер барлық қатысы бар адамдардан, су қоймасының қай жерінде және қандай балықтар жүргенінен мұқият сұрастырып, жауап ала бастады. 16 мамырда Өзбекстан Бас прокуратурасы төтенше оқиғаның төрт негізгі нұсқасы қарастырылуда деп мәлімдеді.
Олар: жобалау кезіндегі қателер; құрылыс нормаларын сақтамау; пайдалану процесіндегі қателіктер; табиғи апат. Алайда, портал журналистері енді… «балық» деген бесінші нұсқа пайда болды дейді. Бөгеттің қабырғасының қирауына ірі жыртқыш балық себеп болуы мүмкін. Тергеушілер кеңес алу үшін тіпті мамандарды да тартты. Тергеу барысында қойылған «қисынсыз сұрақтар» туралы жауап алуға шақырылған адамдардың бірінің туысы хабарлады. – Тергеушілер көбінесе балықтар туралы сұрақ қойды. Сардоба су қоймасын іске қосқаннан кейін онда өсіру мақсатында әртүрлі балықтарды әкеле бастады. Қазақстанның су басқан аймақтарында үлкен жайындардың жатқаны түсірілген бейнежазба тарағанннан кейін көрші мемлекетке дейін жеткен суқойма суында ұзындығы 1,5-2 метр болатын ірі балықтар қалай келді деген сұрақ туындады. Олар табиғи жолмен пайда болуы мүмкін, алайда су қоймасында осындай ірі балықтарды өсіруге рұқсат етілмейді. Қазір МҚҚ тергеушілерін осындай жайын балықтарын өсіру бөгеттің бұзылуына себеп болуы мүмкін бе деген сұрақ қызықтыруда. Бұл үшін осындай мәселелер бойынша кеңес беретін мамандар шақырылды, – дейді сұхбат беруші.
Сардоба су қоймасының өкілі онда шынымен де балық өсірілгенін мойындады. Алайда бөгеттің жарылуына жайындардың мүлдем қатысы жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол өте ірі емес түрлерін — сазандар мен мөңке балықтарды өсіргенін айтты. Кінәлілерді жазалау керек Сонымен қатар, Өзбекстан аңшылар мен балықшылар қоғамы сарапшыларының бірі бұл нұсқаның орны бар екенін мәлімдеді.
– Өз табиғатында салмағы 500 кг-ға дейінгі ірі сомдар «ұя» салу үшін су асты жырықтарын іздейді. Егер су астында табиғи үңгір болмаса, жайындар туннель тәрізді шұңқырларды қазады. Егер олар Сардоба су қоймасы бөгетінің қабырғасына шын мәнінде жарық жасаса, оған олар кінәлі емес, су қоймасын салу кезінде цементті пайдаланбаған құрылысшылар да кінәлі, – деді ол. Одан басқа бұл нұсқаны жақтаушылар қоғамда жоқ екенін айту керек. Ташкенттік шенеуніктердің бірі бұндай ақылға қонымсыз нұсқаның қайда және не үшін пайда болғанын айтты. – Егер тергеу ісі бөгет қабырғаларын салу барысында қажетті арматура мен бетон және тастың орнына тек құм мен тастың қолданғанын растайтын болса, жемкорлық фактісі әшкере болады. Ал бұл жоғарыда тұрған басшылықтың жоспарына кірмейді. Сондықтан, бар кінәні балықтарға, қатты дел мен жауынға арта салады, — деді ол.
Сондай-ақ, шенеунік Сардоба су қоймасы толығымен жасанды, ал оның қабырғалары «саманнан жасалған сылақтан» салынғанын айтты.
—Тергеу ісі техногендік апаттың себебі су қоймасын жобалау мен салудағы кемшіліктерден болды деген қорытындыға келуі Президент Мирзиеевтің саяси еркіне байланысты болады. Ол бұған батылдық таба ала ма, жоқ па, тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады, – деді ол. Сонымен қатар, апаттан кейін Шавкат Мирзиеев «Сардоба су қоймасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілер, олардың кім екеніне қарамастан заң алдында жауапқа тартылады» деп уәде берді.
30 мамыр 2020 ж. 455 0