Министр қандай мамандардың жалақысы екі есе өсетінін айтты

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мәдениет және өнер ұйымдарында жұмыс істейтін 34 мың қызметкердің жалақысы 35-50 процентке өскен. Ал мәдениет және спорт саласындағы мамандырылған мектеп пен колледж педагогтарының жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 20 процентке көтеріліп тұрады.
"Спорт саласындағы жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің, төрт интернат-колледж бен спорт мектебінің жаттықтырушы оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100 проценті көлемінде қосымша ақы беріледі", - деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.
Министрдің сөзіне қарағанда, допингке қарсы зертхана, ұлттық допингке қарсы орталық пен дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына да лауазымдық жалақыларына 100 проценттік ақы белгіленіп отыр. Осылайша, олардың жалақысы екі есеге артады.
Оқи отырыңыз: "ҚазМұнайГаз" басшыларының жалақысы қысқарды
"Сондай-ақ, кәсіби еңбек өтілі кем дегенде 20 жыл болатын балет әртістері ай сайын соңғы үш жылдық жалақысының 60 проценті көлемінде төлем алады", - деп түйіндеді Райымқұлова.
https://sputniknews.kz/