Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда оқ-дәрі сақтайтын 2 қойма салынады

Қазақстанда оқ-дәрі сақтайтын 2 қойма салынады

Биыл елімізде оқ-дәрі сақтауға арналған 2 нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Биыл Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының адам тұрмайтын аудандарында оқ-дәрі сақтауға арналған 2 заманауи нысан құрылысы басталады. Олар барлық қалған сақтау нысандарының жүктемесін барынша азайтуды және елдің азаматтық тұрғындарының қауіпсіздігін барынша сақтауды қамтамасыз етеді», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Оның атап өтуінше, аталған екі нысанға қойылатын негізгі талаптар Қарулы Күштердің нормативтік-құқықтық актілеріне, қауіпсіздік нормаларына негізделген. Сонымен қатар ол нысандардың құрылысына қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.
«Биыл үлгереміз деп үміттенеміз», – деді Бақыт Құрманбаев.
08 маусым 2020 ж. 529 0