Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидалары: Қазақстандықтар 8 млрд теңгесінен қағылды

Қаржы пирамидалары: Қазақстандықтар 8 млрд теңгесінен қағылды

Елімізде қаржы пирамидаларынан 39 мың адам зардап шекті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Бұған қоса, алаяқтар бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай жарнама орналастырып, танымал тұлғаларды, әртістерді тартады. Мәселен, мұндай әдіс «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» микрокредит ұйымдарының қаржылық пирамидаларын құру барысында қолданылған», – деді ол.
Министрдің дерегінше, аталған ұйымдардың әрекеттері салдарынан 39 мың салымшы 8 млрд теңгеден астам қаражатынан қағылды.
«Олардың көпшілігі қазіргі уақытта қиын материалдық жағдайға тап болып отыр. Министрлік өз кезегінде жедел тергеу тобын құрып, оның құрамына барлық өңірлерден тергеушілер кірді. Қазірдің өзінде өңірлік филиалдардың 25 басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Елден тысқары аумаққа бой тасалаған үш ұйымдастырушы ұсталып, елге жеткізілді. Олардың біріншісі Молдавада, екіншісі Қырғызстанда, ал үшіншісі Ресейде ұсталды. Бұл іс бақылауда тұр», – деді Ерлан Тұрғымбаев.
09 маусым 2020 ж. 578 0