Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін өте сақ болыңыз. Отбасындағы жандармен қарым-қатынаста сабырлылық танытып, әрқайсысына ерекше көңіл бөлуіңіз қажет. Күйгелектік танытпаңыз. Әйтпесе, денсаулығыңызға зиян келтіресіз.  
Торпақ
Сауда-саттықта жолыңыз болады. Дегенмен барлығына мұқият болғаныңыз жөн. Ақша мен затқа тиянақты болыңыз. Кешке қарай денсаулығыңызға күш түсірмеңіз және отырыстардан бас тартқаныңыз жөн.
Егіздер
Туыстарыңыз, достарыңыз, жақындарыңыздың барлығы сіздің жаныңыздан табылып, қаржылық жағынан көп көмегін тигізеді. Кездейсоқ қарым-қатынас пен күдік тудыратын таныстықтардан аулақ болыңыз.
Шаян
Жан-дүниеңіз рухани байи түседі. Жұмыста айтарлықтай жетістікке жетесіз. Романтикалық кездесулерден бас тартыңыз. Олар сізге қуаныш алып келмесі анық. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Арыстан
Жемісті күн. Күш-қуатыңыздың тасығаны соншалық жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Бүгін жаңа жұмыс бастауға, келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Сіздер бүгін барлық жағынан оң шешім шығара аласыздар. Өзіңізге сеніңіз.
Бикеш
Бұл белгідегі ер адамдар бүгін жанжал тудырмағаны дұрыс. Барлығына сабырлылық танытыңыз. Сондай-ақ бүгін зат сатып алмаңыз. Ал нәзікжандар бірбеткейлік танытпаңыздар. Нәзік қалпыңызды сақтаңыз.
Таразы
Қарама-қайшылыққа толы күн. Сыртыңыз күліп тұрғанымен, жан-дүниеңіз алай-дүлей. Осының салдарынан қателіктерге бой алдырмас үшін бүгінгі күнді жалғыз өткізгеніңіз жөн. Барлығын ой елегінен өткізіңіз.
Сарышаян
Бүгінгі күн жолға шығуға, бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға сәтті күн. Жұлдыздар жылдамдықты асырудан, өткір және электр тоғымен жұмыс жасайтын бұйымдарды қолданғанда сақ болуды ескертеді.
Мерген
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Бірақ барлығына бірдей жұмсақ мінез танытпаңыз. Әйтпесе абыройыңызға кір келуі мүмкін. Өміріңізді өзгерту өз қолыңызда.
Тауешкі
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Маңызды мәселелерді шешу барысында ішкі түйсігіңізге жүгініңіз. Ол сізге дұрыс бағыт береді. Алдағы күндерге жоспар құрыңыз. Мәселен, ақша жинауды жоспарлаңыз.
Суқұйғыш
Жұлдыздар отбасына көп көңіл бөлу қажет екендігін айтады. Әсіресе, балаларға көп назар аударыңыз. Үй шаруасындағы кейбір мәселелерді өзіңіз шешіңіз. Сонымен қатар бүгіннен бастап медициналық тексеруден өтуді бастаңыз.
Балықтар
Достарыңыз бен сүйікті адамыңыз қиын жағдайда көмек көрсететін болады. Сондай-ақ олар сіздің жаңа бастамаларыңызға да қолұшын созады. Осыған орай сізде олар үшін барлығына дайын болып, керек кезде көмек көрсетуіңіз керек.
kyzylorda-news.kz
15 маусым 2020 ж. 488 0