ҰБТ-2020: калькуляторды қолдану тәртібі жарияланды
![](/uploads/posts/2020-06/medium/1592226792_kal.jpg)
Оның айтуынша, калькулятор қолдануға рұқсат берерден бұрын мамандар тест тапсырмаларын ғана емес, әлемдік тәжірибені де зерделеп шыққан. Сол кезде калькулятордың көмегімен нақты бір сұраққа жауап табуға болмайды деген шешімге шығарылыпты. Ондай құрылғы тек уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
"Калькуляторда формула, теорема, физика заңдары немесе химия реакциялары сақталмаған. Оны сұраққа тез жауап беру үшін ғана қолдануға болады. Біз осыны министрге жеткіздік. Ол калькуляторды пайдалануға рұқсат берді", - деп атап өтті Смағұлов.Айта кетейік, биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты 10 минутқа ұзартылды. Ал тыйым салынған заттарға қатысты қатаң тәртіп бар. Талапкерлерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе бейнежазбаның сараптамасын қарау кезінде тәртіп бұзушылық анықталса, ҰБТ нәтижесі, сондай-ақ білім беру гранты жойылады.