"Өзіміз ғой" деген сөз жүрмейді: Ұлттық тестілеу орталығының басшысы мәлімдеме жасады
![](/uploads/posts/2019-06/medium/1561287625_news_full1561256339ce6b9d792b70f36ff10255cf36283fad.jpg)
ҰБТ да көмектес деп айтылған өтініштер Дидар Смағұловтың намысына тиген болуы керек. Тестілеу орталығының басшысы басынан өткен оқиға туралы да айтып берді. Мемлекеттік грант иелену кейбір түлектер үшін соңғы мүмкіндік екенін ұмытпағайсыздар деп ескертті ол.
"Маған ашық түрде айтылатын бұндай өтініштер беделіме нұқсан келтіруде. Тіпті кейбірі хабарласып, құттықтап, бірден мәселесін шешуді өтінді. Біреу үшін мемлекеттік гранты иелену - жоғарғы білім алу үшін жалғыз мүмкіндік. Егер мен 2008 жылы заңгердің оқуына грантқа түспегенде, үлкен армандарыма қол жеткізе алмас едім. Өйткені менің ата-анам тіпті Қарағанды университетінде де оқуым үшін ақша төйлеуге қауқарсыз еді", - дейді Дидар Смағұлов.