Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сәттілік тілеймін": Тоқаев ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

"Сәттілік тілеймін": Тоқаев ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін елімізде басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәлімдеме жасады

Тоқаев мемлекеттік органдарға ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
«Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым», - деп жазды президент Twitter желісінде.
Сонымен қатар мемлекет басшысы түлектерге сәттілік тіледі. 
Айта кетсек, бүгін, 20 маусымда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды.
20 маусым 2019 ж. 907 0