Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ТУРАЛЫ

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ТУРАЛЫ

Арал ауданы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу 2018 жылдың 22 маусымы күні Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназия базасында өткізіледі. 11 сынып бітіруші 830 түлектің 454-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 20 маусым күні 50 километрден асатын алыс елді мекендерден 176 бала Арал қаласындағы №2 санаториялық мектеп-интернатқа орналастырылады. Қала орталығында орналасқан  «Хан шатыры» мейрамханасында балалар  4 мезгіл тамақтандырылады. 22 маусым күні  қала мектептерінен 211 және 50 км-ден жақын елді мекендерден  67 оқушы тасымалданады.ҰБТ-ны өткізуге Ұлттық тестілеу орталығы техникалық құралдармен толық жабдықталған. Мектеп-гимназия ауласында ата-аналарға  күннен қорғайтын  жазғы 2 шатыр құрылғы орнатылып, оқушылардың ҰБТ-ны  тапсыру барысын байқау үшін 2 теледидардан онлайн трансляция жүргізіледі.  
13 маусым 2018 ж. 1 730 0