Мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келген түлекке осындай мүмкіндік беріледі. Әрине, ешкімді мәжбүрлемейміз. Әркім тест тапсыратын тілді өзі таңдайды", — деді Сағадиев мәжілістегі үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Оның айтуынша, қазақ және орыс тілінде қандай тест сұрақтары болса, ағылшын нұсқасында да сол тапсырмалар болады.