Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2019 нәтижелерін қайдан білуге болады?

ҰБТ-2019 нәтижелерін қайдан білуге болады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін қайдан білуге болатыны туралы хабарлады.

Бүгін 20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ пунктерінде өткізілуде. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 құрады. Өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ-2019 нәтижелерін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайтынан, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kzбілуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет
Сонымен қатар, биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда.
«Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады. Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз, 8 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз. Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.
Айта кетейік, туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.
https://baq.kz
20 маусым 2019 ж. 637 0