Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық тестілеу орталығына жаңа басшы келді

Ұлттық тестілеу орталығына жаңа басшы келді

Дидар Смағұлов ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды,

"Ұлттық тестілеу орталығының басшылығына мінсіз беделі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік директорының орынбасары Смағұлов Дидарды тағайындауға шешім қабылдадық. Дидар Смағұлов орталықтың жұмысын заңдылық аясында атқара алатынына сенімдімін", - деп жазды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парағында.
Сонымен қатар Дидар Смағұлов ҚР БҒМ-нің шешіміне пікір білдірді.
"Маған ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры міндеттерін атқару жүктелді. Қолдауларыңыз бен құттықтауларыңыз үшін рахмет. Үлкен жауапкершілік барын түсінемін.  ҰТО бірыңғай ұлттық тестілеуді, талапкерлерді кешенді тестілеуді, басқа да жұмыстарды ұйымдастырады. Біздің міндетіміз ыңғайлылық жасап қана қоймай, сонымен қатар барыншы әділ болуын қамтамасыз ету", - деді Смағұлов.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы атқарушы директорының пара ретінде 9 миллион теңдеген астам сомаға шетелдік автокөлікті мінгені туралы істі тергеп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиғадан соң бұрынғы министр Күләш Шәмшидинова орнынан алынды.
21 маусым 2019 ж. 1 230 0