Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы да ҰБТ мәселесі: Күләш Шәмшидинова соңғы нүктесін қойды

Тағы да ҰБТ мәселесі: Күләш Шәмшидинова соңғы нүктесін қойды

Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде сыбайлас жемқорлықты азайту үшін өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді деп хабарлайды
"Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Біз тестілеу жүйесін одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймыз. Қазір білім жүйесінде істейтін қызметкерлермен консультациялық жұмыстар жүріп жатыр. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түсу жүйесін жетілдіруді көздеп отыр", - деді Шәмшидинова журналистерге.
Министр мемлекетік грантты бөлу маңызды процесс екенін атап өтті.
"Өйткені еліміздің барлық азаматы осы грантқа үміттенеді. Сондықтан министрліктің міндеті – барынша ашықтықты, азаматтардың тең құқығын, ең бастысы, грантты бөлу кезінде әділдікті қамтамасыз ету. Сондықтан біз мұны осы позиция тұрғысынан қарастырамыз", - деді ведомство басшысы.
https://www.qamshy.kz
30 мамыр 2019 ж. 823 0