Дәрігер коронавирус пен пневмонияның айырмашылығын салыстырды

"Коронавирус – респираторлы белгілері бар, тыныс алу жолдарына әсер ететін инфекция. Жәй пневмонияны емдеуге болады. Бұл процесс бізде жолға қойылған әрі бізде антибиотиктер өте көп. Оларды қолдану арқылы нәтижені бірден сеземіз. Ал коронавирустық инфекция кезінде дәрі-дәрмектің күші айтарлықтай әсер етпейді. Әсер еткен күннің өзінде оны ұзақ күтуге тура келеді. Ковидтік пневмония иммунитетті айтарлықтай төмендетеді. Оған қарсы күресуі тиіс лимфоциттерге кері әсер етеді. Бастысы, адамның өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындай түседі",- дейді иммунолог Рафаил Розенсон.