Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

5 шілде: Атаулы күндер мен оқиғалар

1961 жылы Жетібайда №6 ұңғыдан қуатты мұнай фонтаны атқылады. Бұл Маңғыстау мұнайының ашылған жылы болып саналады.
1992 жылы Оралда Қазақ драма театры ашылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қабылданды.
1998 жылы Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің бірінші Президенті Борис Ельцин ҚР мен РФ арасындағы Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойды.
2000 жылы «2000 жыл – мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануына орай, сонымен қатар елорданы әлеуметтік-мәдени дамыту мақсатында және көрнекті қазақ әншісі Күләш Байсейітованың атын мәңгі есте сақтау үшін Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрына Ұлттық театр мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойылды.
2004 жылы Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы қабылданды.
2006 жылы Шыңжаң әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында қазақ тілінде «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің атласы» шықты. Бұл – ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінің құрылғанынан бері шыққан тұңғыш атлас.
2009 жылы жаңа Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы ашылды.
2010 жылы Нұр-Сұлтанда Елорда күніне орайластырылып «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті.
2013 жылы Қорғас өзенінде қазақстандық-қытайлық «Достық» гидроторабы ашылды.
2018 жылы Елордадағы Конгресс холл орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.
2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске қосылды.
https://kyzylorda-news.kz/

05 шілде 2020 ж. 499 0