Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

1996 жылы қоғамдық «Азамат» қозғалысы құрылды.

2002 жылы Қарағандыда журналистердің облыстық 1-ші форумы өтті. Форум жұмысына 140-тан астам адам қатысты.

2004 жылы Қызылорда қаласындағы Чехов тұйығы Серікбай Бедебеков есімімен аталды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» атты үш әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Әлеуметтік кәіспкерлік корпорациялардың басты қызметі – инвестициялар тарта отырып, жергілікті жерлердегі жаңа жобаларды жүзеге асыру. Сөйтіп өңірдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуге қол ұшын беру.

2011 жылы Мәскеудегі қазақ диаспорасы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде Кеңес Одағының батыры, даңқты қолшбасшы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Аңызға айналған батыр» атты кітаптың тұсаукесерін жасады.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі мен Эстония Республикасының Ұлттық мұрағаты арасында Мұрағат істері саласындағы ынтымақтатық туралы келісімге қол қойылды.

2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойды.
https://kyzylorda-news.kz/
20 сәуір 2020 ж. 541 0