Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

23 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүкіләлемдік метеорология күні
1950 жылғы наурыздың 23-де БҰҰ-ның арнайы мекемесі Бүкілдүниежүзілік метеорология ұйымының конвенциясы күшіне енді. 1961 жылдан бастап атап өтіледі.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы туралы ноталар алмасуы болды. Венгрия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына байланысты Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Мадрид қалалық залында болды, XVII ғасыр сарайының көрікті жерлерін аралап көрді, Мадрид алкальді (мэрі) Альваро де Манцано Кристал жоғары мәртебелі қонақты қалалық кеңес мүшелеріне таныстырды. Содан кейін сарайдың мәжіліс залында салтанатты рәсімде Елбасы Н.Назарбаевқа Мадридтегі символдық алтын кілтті тапсыру салтанаты өтті.
2010 жылы Мәскеу қаласындағы №229 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының аты берілді.
2016 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің бағдарламасы Бүкіләлемдік биосфералық қорықтар желісіне 20 жаңа нысан енгізді. Олардың арасында «Барсакелмес» қорығы да бар.
23 наурыз 2020 ж. 731 0