Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

17 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

Kyzylorda-news.kz 1990 жылы Алматыда Қазақстан кәрістерінің құрылтайы өтті. Онда республикалық кәріс мәдениеті орталықтарының қауымдастығы құрылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бұрынғы Югославия Республикасы Македонияның тәуелсіздігін мойындау туралы нота жіберді.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды.
1995 жылы журналистика саласының «Алтын жұлдыз» Жалпыұлттық сыйлығы тағайындалды. 2001 жылдан бастап «Алтын Жұлдыз» Қазақстан Журналистика академиясының ресми сыйлығы. Сыйлық – шығармашылық табыстарды және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге түсе алатындығын кәсіби және қоғамдық танудың жоғары белгісі. Қазіргі таңда Қазақстан журналистикасының дамуына өз үлестерін қосқан 100-ден астам тұлға осы сыйлықпен марапатталған.
1997 жылы офицерлерге жоғары әскери-арнайы білім беру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер жоғары әскери училищесі (Петропавл қаласы) құрылды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.
17 наурыз 2020 ж. 609 0