Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

25 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

Kyzylorda-news.kz 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің «Семей қаласында Радиациялық медицина және экология институтын құру туралы» қаулысы қабылданды. Институт ғылыми қызметінің негізгі бағыттары – радиациялық және басқа да факторлардың қоршаған ортаға, адамдарға, жануарларға әсерін зерттеу.
1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Камбоджа корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
1999 жылы Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халық санағы басталды. Санақ наурыздың 4-іне дейін жалғасты. Мемлекет аумағы 1 463 санақ бөлімдеріне бөлінді. Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 673 400 адам тұрады.
2011 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық «Жыл тұлғасы-2010» сыйлығының гран-при иегері атанды. РБК медиа-холдингі тағайындаған «Жыл тұлғасы» сыйлығы саясат, бизнес, мәдениет және қоғамдық өмірде дәрежеге жеткен тұлғаларға беріледі. ҚР Президенті Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Жоғарғы соты жанынан Әділ сот академиясы құрылды. Академия қызметінің негізгі бағыттары – ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру; сот жүйесі судьялары мен қызметкерлерін қайта дайындау, біліктілігін арттыру, ғылыми қызметті жүзеге асыру.
25 ақпан 2020 ж. 622 0