29 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
1998 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды. Бұл қазақ ғарышкері командир болған тұңғыш экспедиция ретінде тарихта қалды.
2010 жылы Қазақстандық әнші Маша Мудряк Италиядағы «Raccomandati» телевизиялық конкурсының жеңімпазы атанды.
2010 жылы Парламенттің бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.