Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

17 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

kyzylorda-news.kz Балалар өнертабысы немесе Өнертапқыш балалар күні
Бұл күн АҚШ-тың әйгілі өнертапқышы, мемлекет қайраткері, ғалым, журналист Бенджамин Франклиннің туған күніне орай таңдалған. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысы – жүзуге арналған қол жарғақты 12 жасында ойлап тапқан екен.
1960 жылы қазақ тіліндегі республикалық «Білім және еңбек» ғылыми танымдық журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Алғашқы редакторы – Камал Смайылов. 1989 жылдан «Зерде» деген атауымен шығып келеді. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келді. Қазақ басылымдарының ішінен алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де тұңғыш рет осы журналда жарық көрді.
1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды. Пошта маркасында Парламенттің 10 жылдық мерейтойының ресми символикасы Қазақстанның туын бейнелейтін көгілдір түсте бейнеленген. Маркалардың номиналы – 50 теңге, тиражы – 50 мың дана. Суретшісі – Данияр Мұхамеджанов.
2012 жылы ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы VII қысқы Азия ойындарына арналған 2000 теңге номиналындағы банкноттарды айналымға енгізді.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарының аясында ғарыш саласында Жерді қашықтықтан зондтау бойынша ғарыш технологияларын қолдану және кеңістіктегі мәліметтер инфрақұрылымын дамыту саласында өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.
17 қаңтар 2020 ж. 785 0