Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

15 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

kyzylorda-news.kz 1725 жылы Әбілқайыр хан қазақтардың басын қосып, жоңғарлардан Түркістанды қайтарып алды.
1934 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ресми түрде ашылды. Профессорлық-оқытушылық құрам туралы және алғашқы 54 студентті физика-математика және биология факультеттеріне қабылдау туралы бұйрықтарға қол қойылды. Қазіргі уақытта ҚазҰУ – елдегі жетекші ЖОО-лардың бірі. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.
1938 жылы Атырау (Гурьев), Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің І сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөлініп шықты, оның құрамына он аудан кірді. Батыс Қазақстаннан Батыс Қазақстан және Атырау, Оңтүстік Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бөлініп шықты.1992 жылы Гурьев облысы мен Гурьев қаласы (1640 жылы негізі қаланған) Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгертілді. Облыс аумағы 113,5 мың шаршы км. Облыс құрамына бір қала мен жеті аудан кіреді.
 1992 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ғылымы және ғылыми-техникалық саясаты туралы» Заңы қабылданды. Құжат республикада ғылымның жалпыадамдық дамудың ерекше маңызды саласы ретінде өмір сүруін, тірек, қолданбалы ғылыми зерттеулердің емін-еркін дамуын, ғылыми қызметкерлерді және ғылыми ұйымдарды қорғауды қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттарды белгілеп берді.
15 қаңтар 2020 ж. 468 0