Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай ЖОО-лары әлемнің ең үздік университеттері рейтингісіне енді

Қазақстанның қай ЖОО-лары әлемнің ең үздік университеттері рейтингісіне енді

Quacquarelli Symonds (QS) атты британиялық компания әлемдегі мыңдаған университеттің рейтингісін жасады. Аталған тізімде Қазақстанның 8 жоғарғы оқу орнының аты аталды,
Олардың ішінде үшеуі алғашқы 500 университет тізіміне енді. Атап айтар болсақ – Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті (207-орын), Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (418-орын) және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік университет (491-орын). 
Сондай-ақ, бұл тізімге тағы да 4 алматылық ЖОО енді. Олар – Қаныш Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университет (561-570), Қазақ-Британ техникалық университеті (751-800) және Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер қазақ университеті (801-1 000). 
Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті де 801 мен 1 000 арасынан көрінді. Жоғарыда аталған үш ЖОО ішінде тек Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ғана өз позициясын жақсартқан. Өткен жылы 13 саты төмен орналасқан болатын. Ал Еуразия ұлттық университеті керісінше 24, Мұхтар Әуезов атындағы ЖОО 11 сатыға төмендеген. 
Бұл тізімде Қазақстаннан өзге Орталық Азиядағы ешбір университеттің аты аталмады. 
QS Quacquarelli Symonds университеттер рейтингін 2004 жылдан бері жасап келеді. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін елде ЖОО-ға түсу үшін қандай жеңілдіктер жасалатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
19 маусым 2019 ж. 1 635 0